"Тобыл" Конференция лигасындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Конференция лигасының үшінші іріктеу айналымында Босния және Герцеговинаның "Зриньскиімен" кездесті. Боснияда 1:0 есебімен еуропалықтар жеңіске жеткен. Ал Қостанайдағы "Орталық" стадионда 1:1 есебі тіркелді.
34-минутта қонақтардан Марио Чуже есеп ашса, 53-минутта Серж Дебле таразы басын теңестірді. Ал матчтың 80-минутында "Тобыл" ойыншылары өрескел қателік жасап қақпашы Александр Мокин допқа қолмен ойнауға мәжбүр болды. Төреші Мокинді алаңнан қууға мәжбүр болды.
Осылайша, Қазақстанның барлық командасы биылғы маусымда еурокубок бәсекесін аяқтап отыр.