"Тобыл" қонақта Гибралтар чемпионын ұтты

©Тобыл ФК

"Тобыл" Конференция лигасының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің екінші айналымы аясында ел чемпионы халқының саны 30 мыңнан әрең асатын Гибралтар аралының "Линкольн Ред Ингс" клубымен кездесті. Апта бұрын Қостанайда Милан Миланович ойыншылары 2:0 есебімен жеңіске жетсе, қонақта 0:1 есебімен басым түсті. Сырт алаңдағы жалғыз голды Зоран Тошич салды.

Осылайша, еурокубок жарысын Чемпиондар Лигасынан бастаған "Тобыл" енді Конференция лигасының үшінші кезеңінде "Тирана" (Албания) мен "Зриньски Мостар" (Босния және Герцеговина) клубтарының жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар