"Тобыл" командасында ауыс-түйіс болады. Клубқа жаңа бас бапкер тағайындалады

22 желтоқсан 2022 18:05
©"Тобыл" ФК

Қазақстандық маман Николай Панин "Тобыл" командасының директоры болады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ол Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесіп, келісімге келген. 

Осыған дейін бұл қызметке Облыстық спорт басқармасының басшысы Азамат Бегалин мен Талғат Байсуфинов қарастырылған еді. 

Сонымен қатар, команданың бас бапкері Милан Миланович қызметінен кетеді. 

Қазіргі уақытта оның орнын басатын бапкермен келіссөз жүріп жатыр. Жаңа бапкердің есімі қаңтар айына дейін белгілі болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: