"Тобыл" командасы коронавирусқа тест тапсырды

Сурет "Тобылдың" сайтынан алынды.
Қостанайлық "Тобыл" командасы толық коронавирусқа тест тапсырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Футболшылар, бапкерлер және команда қызметкерлерінің барлығы коронавирусқа ПЦР тесттерін тапсырған. Тесттің қорытындысы бойынша ешкімнің вирус жұқтырмағаны анықталды. 

Айта кетейік, қазір "Тобыл" командасы ел біріншілігіне дайындықтарын жүргізіп жатыр. ҚПЛ 3 маусымда басталуы мүмкін. 

Алғашқы үш турда "Тобыл" жеті ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді. 

Метки:
Жаңалықтар