"Тобыл" команданың капитанымен келісімшартты ұзатпайтын болды

27 желтоқсан 2021 15:24
©"Тобыл" ФК

35 жастағы "Тобылдың" капитаны Азат Нұрғалиев команданың бірінші оқу-жаттығу жиындарына шақырту алмады, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

Биылғы маусымда Азат Нұрғалиев Қазақстан чемпионатында 25 матчқа қатысып, жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Бұған дейін жартылай қорғаушы "Астана", "Ордабасы", "Сұңқар" және "Жетісу" клубтарында ойнаған. 

Клуб Нұрғалиевке жаттығу жиындарына бару үшін билет сатып алмаған. Қостанайлық команда басшылары негізгі құрамға сирек ілігетін футболшыға келісімшарт ұсыну дұрыс емес деген шешім шығарған. Оның үстіне команданың бас бапкері Александр Москаленко жас футболшыны шақыртуға ниетті екен. 

Айта кетейік, өткен маусым аяқтала салысымен "Тобыл" қақпашы Егор Цуприковпен келісімшартты ұзартпады. Енді команда шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе, жартылай қорғаушы Жереми Монзоромен де келісімшартын ұзартпайтын болды. Ал Зоран Тошич, Сұлтан Әбілғазы және Игорь Сергеевтің жағдайы белгісіз. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: