"Тобыл" командада қалатын ойыншылардың тізімін жариялады

©"Тобыл" ФК

"Тобылдың" Анталиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны 30 қаңтарға дейін жалғасады.

Қостанайлық клубтың баспасөз қызметі Александр Мокин, Сұлтан Бұсырманов, Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов, Серікжан Мужиков, Зоран Тошич, Алекса Аманович, Игорь Сергеев, Душан Йованчич, Александр Марочкин, Роман Асранқұлов, Бағдат Қайыров, Рубен Бриджидомен келісімшарттың ұзартылғанын хабарлады.

Азат Нұрғалиев, Тони Сильва, Сұлтан Әбілғазы, Эльгуджа Лобжанидзе, Егор Цуприков және Жереми Манзорро келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты командадан кетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: