Қостанайдың "Тобыл" футбол клубын ресейлік маман Мирослав Ромащенко жаттықтыратын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тәжірибелі маман командаға ресми түрде таныстырылды.
Мирослав Юрьевич жоғары деңгейде жұмыс істеген, тәжірибесі мол. Әр жылдары ол «Томь» және «Ахмат» клубтарын баптады, сондай-ақ Станислав Черчесов бапкерлік штабының құрамында «Динамо» (Мәскеу), польшалық «Легия» және венгриялық «Ференцварош» клубтарында еңбек еткен. 2016–2021 жылдар аралығында Ресей құрамасының бапкерлер штабы құрамында болып, бес жыл жұмыс істеді.
Бапкер ретінде Польша чемпионы атанып, Венгрия чемпионатын екі мәрте жеңіп алған.
Маман жақында ғана Нұрбол Жұмасқалиевтің көмекшісі болып тағайындалған еді. Нұрбол қызметінен босатылғаннан кейін, енді команданың тізгінін Мирослав Ромащенко ұстайтын болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Тобыл" Жұмасқалиевтің жетекшілігімен айтарлықтай жетістіктерге жетті. Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алып, өткен маусымды чемпионаттың қола жүлдесімен аяқтады.
Алайда жаңа маусым қостанайлық клуб үшін сәтсіз басталды. 6 ойында бар болғаны 2 ұпай ғана еншілеп, көш соңында келеді.
Жарнама