Футбол
24 маусым 2021 10:39

"Тобыл" кейінгі ойында жеңіске жетіп "Астананы" бірінші орыннан ығыстырып тастады

Сурет: "Тобыл" ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде біріші орынға "Тобыл" шықты, деп хабарлайды Vesti.kz. Қостанайлық клуб "Астананы" бірінші орыннан ығыстырып тастады. 

17-ші тур матчінде қостанайлық команда Қызылордада жергілікті "Қайсарды" 3:1 есебімен ұтты.

Алаң қонақтарынан Сергей Малый 13-ші минутта есеп ашты. "Қайсар" 27-ші минутта жартылай қорғаушы Йован Чадженович арқасында есепті теңестірді. Алайда 63-ші минутта Дмитрий Мирошниченко "Тобылды" қайтадан алға шығарды. Ал 74-ші минутта Роман Асыранқұлов кездесу нүктесін қойды.

17 тур қорытындысы бойынша қостанайлық команда 38 ұпай жинап, "Астанамен" теңесті. Дегенмен қосымша көрсеткіштер бойынша "Тобыл" бірінші орынға көтеріліп, астаналық клубты екінші орынға түсірді.