"Тобыл" Қазақстан құрамасының шабуылшысын сапына қосты
©"Тобыл" ФК
Форвард Айбар Жақсылықов "Тобыл" сапына қосылды, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.
Форвард Айбар Жақсылықов "Тобыл" сапына қосылды, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі.
Мұның алдында белгілі болғандай, 24 жастағы футболшы ҚПЛ-2021 чемпионымен бір жылдық келісімшарт жасайды. Жақсылықов Қазақстан құрамасы сапында бес ойын өткізген.
Айта кетейік, қостанайлықтарға "Астананың" екі ойыншысы да қосылған болатын - 31 жастағы Жарко Томашевич және 33 жастағы голкипер Дмитрий Непогодов.
Жарнама