"Тобыл" Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келісімшартты ұзартты

©"Тобыл" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бағдат Қайыров "Тобылмен" келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды қостанайлық клубтың баспасөз қызметі. 

Әмбебап қорғаушы бұл командаға 2021 жылы жазда қосылған болатын және бірінші ресми ойында алаңға негізгі құрамда шықты. 

Осыдан кейін қорғаныс қапталына мықтап бекіді. 

"Бапкерлер штабы ойыншыға келесі маусымда үміт артып отыр", - делінген клуб хабарламасында.

Жаңа келісімшарт бір жылға жасалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар