"Тобыл" Қазақстан құрамасының футболшысымен қоштасқанын ресми хабарлады

Сурет: KazFootball.kz

Қостанайлық "Тобыл" ресми сайтында шабуылшы Оралхан Өміртаевтың командадан кеткенін хабарлайды, деп жазады Vesti.kz.

Тараптар келісімшартты үзді. Биылғы маусымда 22 жастағы ойыншы тек төрт матч өткізіп, бір гол салды және бір нәтижелі пас берді. 

Мұның алдында, футболшымен қоштасу туралы шешімді "Тобылдың" бас бапкері қызметін атқарып отырған Александр Москаленко қабылдап отырғаны хабарланған. Ол ЦСКА-ға кеткен Григорий Бабаянның орнын басып қалды. 

Енді Оралханды өзінің бұрынғы клубы - қарағандылық "Шахтер" шақырды. Футболшы командада жыл соңына дейін ойнамақ. 

Өміртаев Қазақстан құрамасы үшін екі матч ойнап, екі гол салған. Оның бірі 2019 жылғы Молдоваға қарсы ресми емес ойын.