"Тобыл" – Қазақстан чемпионы!

©fctobol

Қостанайдың "Тобылы" 2021 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының чемпионы атанды, деп жазады Vesti.kz.

Александр Москаленко баптайтын қостанайлық ұжым біріншіліктің соңғы турында қонақта "Ақжайықты" 0:2 есебімен ұтты. 28-минутта Игорь Сергеев есеп ашса, 60-минутта Асхат Тағыберген премьер-лигадағы төртінші голының авторы атанды.

Осылайша, клуб өз тарихында екінші рет ел чемпионатында топ жарып отыр. Осының алдында қостанайлықтар 2010 жылы алтын медаль иегері атанған болатын.

Ал "Астана" болса күміспен күптелді. 26 турда өз алаңында Түркістанның "Тұранын" қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті.

Маусым қорытындысы бойынша өткен жылғы чемпион "Қайрат" қоланы қанағат тұтты.

Енді келесі жылы өтетін чемпиондар Лигасының іріктеу турнирінде ел намысын "Тобыл" қорғайды.  

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: