"Тобыл" - "Қайрат" және 18-ші турдың тағы үш ойынына тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 28-маусымда футболдан Қазақстанның OLIMPBET чемпионатының 18-ші тур матчтері өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін "Ақжайық" - "Тараз" (19:00), "Тобыл" - "Қайрат" (19:00), "Каспий" - "Тұран" (20:00), "Атырау" - "Қайсар" (21:00) командалары ойнайды.

"Тобыл" - "Қайрат" матчін Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Сонымен қоса, ойындардың бәрін PFLK.TV арнасынан тамашалуға болады.

Еске салайық, 18-ші турдың мұның алдындағы ойындарында "Қызыл-Жар" командасы "Астананы" ұтты (3:2), "Шахтер" клубы "Ақтөбеден" басым түсті (1:0), "Ордабасы" футболшылары "Жетісуді" ойсырата жеңді (3:0).