Қазақстандық футболшы Азат Нұрғалиев "Тобыл" сапынан кетеді, деп хабарлайды қостанайлықтардың баспасөз қызметі.
"Клуб басшылығы мен бапкерлер штабы Азатқа кәсібилігі мен сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіреді.
Нұрғалиев командада 2006 жылы 8 сәуір Павлодардағы "Энергетикке" қарсы матчте алғаш рет ойнады. Ол "Тобыл" сапында 226 матч өткізіп, 47 гол салды", - делінген клуб хабарламасында.
Сонымен қатар, Азат "Астана", "Ордабасы", "Сұңкар", "Жетісу" клубтарында да өнер көрсеткен.