"Тобыл" жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковке ота жасалды

28 қыркүйек 2021 21:50
©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковтің тізесіне ота жасалды.

Қазір ойыншы Мюнхен (Германия) қаласындағы емханалардың бірінде жатыр. 

Биылғы маусымда Серікжан "Тобыл" сапында 25 матчқа қатысып, 4 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.

Естеріңізде болса, Серікжан жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының қыркүйектегі ойындарына шақыртылмаған еді. Жартылай қорғаушы алдағы ойындарға да қатыспайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар