"Тобыл" Гибралтар аралының командасын ұтты

©Тобыл ФК

"Тобыл" Конференция Лигасының екінші іріктеу айналымының алғашқы матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қостанайдағы "Орталық" стадионда Милан Милановичтің ойыншылары Гибралтардың "Линкольн Ред Импс" командасын 2:0 есебімен ұтты. Қазақстан чемпионы сапында 65-минутта Айбар Жақсылықов пен 90-минутта Жарко Томашевич ерекшеленді.

Енді қарымта ойын 28 шілде күні 30 мың халқы бар Гибралтар аралында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport