1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:24
 

"Тобыл" еурокубоктағы алғашқы матчін өткізеді

  Пікірлер

blog.share

"Тобыл" еурокубоктағы алғашқы матчін өткізеді ©Depositphotos/rarrarorro

Бүгін, 23 шілдеде Қостанайдың "Тобыл" клубы 2026/27 жылғы маусымдағы еурокубоктардағы алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін, 23 шілдеде Қостанайдың "Тобыл" клубы 2026/27 жылғы маусымдағы еурокубоктардағы алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық команда Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Литваның "Паневежис" клубымен кездеседі. Матч Паневежис қаласындағы "Аукштайтия" стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 20:30-да басталады.

Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

Қарымта матч 30 шілдеде Қостанайда өтеді.

Бұл жұптың жеңімпазы келесі кезеңде Сербияның "Партизан" және Люксембургтің УНА командасы арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы 6 тамызға, ал қарымта кездесулер 13 тамызға жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!