"Тобыл" екі ойыншыға қатысты бір шешімге келді

©"Тобыл" ФК әлеуметтік желісінен

"Тобыл" қақпашы Султан Бусурмановпен келісімшартты ұзартты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. 

Қостанайлық команданың түлегі негізгі құрамда 2015 жылдан ойнай бастады. Бусурманов содан бері "Тобыл" үшін жалпы 19 матчке қатысыпты.

Жаңа келісімшарт 2023 жылдың соңына дейін есептелген.

Сонымен қоса, "Тобыл" тағы бір түлегі Тимур Жақыповпен келісімді ұзартты, ол негізгі құрамда 2017 жылы өнер көрсете бастады. Оған дейін ол "Шахтер-Болат", "Оқжетпес", "Ақсу" мен "Жетісуда" өнер көрсеткен. Жақыповпен жаңа келісім бір жылға жасалған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport