"Тобыл" Чемпиондар лигасына дайындалу үшін шетелдік маман шақыртпақ

Команданың қазіргі бапкері Александр Москаленко/©"Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" бас бапкерді ауыстырмақ, деп хабарлайды "Серый CARDINAL" телеграм арнасы. Паблик мәліметінше, бұл қызметке Александр Москаленконың орнына шетелдік маман шақыртылмақ. 

"Қолда бар ақпарат бойынша, Қостанай облысы басышлығы "Тобыл" ФК бас бапкері қызметіне шетелдік маманды шақырмақ. Нақты айтқанда іздеу үстінде. Бұл УЕФА Чемпиондар лигасы үшін жасалуда. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов кез келген еурокубоктың топтық кезеңіне өту ЧЛ арқылы жеңіл екенін түсінеді. Екі раунд өткізсе болды, еурокүзді қамтамасыз етеді. Тіпті бір раунд та үлкен мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.  

Еске салайық, Москаленко "Тобылды" 1 тамызда Григорий Бабаян кетісімен жаттықтыра бастады. ҚПЛ-2021 чемпионы атанған команда Чемпиондар лигасында Қазақстан намысын қорғайтын болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар