Қостанайлық "Тобыл" 32 жастағы ивуарлық шабуылшы Серж Деблемен келісімшарт жасасқанын хабарлады.
Дебле мансабын "АСЕК Мимозас" командасында бастады, 2008 жылы англиялық "Чарльтон Атлетик" клубына ауысып, Францияның "Анже" және "Нант" клубтарында жалға алу құқығымен ойнады. 2012 жылы ол Мәскеудің "Химкиімен" келісімшартқа қол қойып, бірнеше айдан кейін "СКА-Энергияға" қосылды.
2013 жылғы маусымда Дебле "Ширак" командасында өнер көрсетіп, 26 матчта 15 гол соқты. Кейінірек ол даниялық "Виборг", қытайлық "Мэйчжоу Хакка", гонконгтық "Гуанчжоу R&F" және армениялық "Арарат" үшін ойнады. Ивуарлық футболшының соңғы клубы "Пюник" болды.
Шабуылшының "Тобылмен" келісімшарты бір жылға есептелген.