"Тобыл" футбол клубы жартылай қорғаушы Чиди Осучуквумен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Келісімшарт маусым соңына дейін жасалды.
Жыл басында Осучукву "Тұран" сапында ойнады. ҚПЛ-да он ойын өткізіп, екі гол салды. Осыған дейін ол "Ордабасының" намысын қорғаған.
Футболшы кәсіпқой карьерасын "Гейтвей" командасында бастаған. Кейін "Долфинс" (Нигерия), Португалияның "Брагасында", Беларуссияның "Динамо" Брест, "Рух" және Ресейдің "Томь" клубтарында ойнады.
Осы орайда қостанайлықтар Рубен Брижидомен келісімшартын үзді. Брижидо "Тобылға" өткен жылы ауысып, 36 матчта бір гол соқты.