"Тобыл" болгариялық бапкерді қызметке алды

Сурет: "Тобыл" ФК

Қостанайлық "Тобыл" Саид Ибраимовты команданың бас бапкерінің көмекшісі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

"Саид Ибраимов - бас бапкердің көмекшісі. Болгариялық маман қостанайлық клубқа оралды. Еске салайық, былтыр ол физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы болған", - делінген клуб хабарламасында. 

Биылғы маусымда "Тобыл" 19 тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде бірінші келеді.

Сонымен қоса, қостанайлықтар Конференция лигасында өнер көрестіп жатыр, команда үшінші іріктеу раундында словакиялық "Жилинамен" ойнайды (бірінші матч 0:1).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: