Қостанайлық "Тобыл" бас бапкер Александр Москаленкомен келісімшартты ұзарту туралы шешім қабылдады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұған дейін жас маманмен келісімшарттың ұзартылмайтыны туралы ақпарат шыққан болатын. "Тобыл" шетелдік мамандармен келіссөз жүргізіп, кейін тіпті ЦСКА командасының бас бапкерінің көмекшісі Григорий Бабаянды қайтып алуы мүмкін делінген.
Бабаянның ресейлік командамен келісімшарты 15 желтоқсанға дейін жасалған. Бірақ мәскеулік команданың соңғы нәтижелерінен кейін ол жаңа келісімшарт жасауы мүмкін.
Осы жағдайға байланысты "Тобыл" тәуекелге бармай, Москаленконы командада қалдыруды жөн көрді. Айта кетейік, алдағы маусымда "Тобыл" Қазақстан атынан Чемпиондар лигасына қатысады.
Москаленко "Тобылды" Бабаян кеткеннен кейін жаттықтырып, Қазақстан чемпионы атанды. Оған дейін бұл маман Бабаянға "Астана" және "Тобыл" сапында көмектескен еді.