"Тобыл" Бабаянсыз бірінші жеңісіне жетті
"Тобыл" футболдан Қазақстан чемпионатының 16-шы тур матчінде "Жетісуды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Тобыл" футболдан Қазақстан чемпионатының 16-шы тур матчінде "Жетісуды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қостанайда өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Дегенмен бірінші голды 19-ші минутта талдықорғандықтар сапынан Асылан Әділ салды. Осыдан кейін Неманья Николич 36-шы минутта пенальтиден есепті теңестірді. Ал он бір минуттан кейін Азат Нұрғалиев шешуші голды салды.
Осылайша, "Тобыл" Григорий Бабаян кеткелі бірінші жеңісіне жетті және көш басындағы "Астанадан" ұпай кемшілігін үш баллға дейін қысқартты. Ал "Жетісу" он ұпаймен 13-ші келеді.
23-шілдеде өтетін келесі турда "Тобыл" сырт алаңда "Қайсармен", ал "Жетісу" өз алаңында "Атыраумен" ойнайды.
Жарнама