"Тобыл" ФК командадан кетіп жатқан бас бапкер Григорий Бабабянның орнын басатын маманға қатысты бір шешімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Тень отца Гурмана" телеграм арнасының мәліметінше, қостанайлық клуб Бабаянды толық алмастыратын маман іздемей, команданы жаттықтыруды оның көмекшісі Александр Москаленкоға жүктемек.
Мұның алдында Бабабян Ресей премьер-лигасына қайта баруы мүмкін екені хабарланған. Келіссөз сәтті өтсе, ол болгариялық маман Станимир Стойловқа "Нижний Новгород" клубында көмекші болады.
Қазақстандық бапкер Стойловқа 2014-2018 жылдары "Астанада" және Қазақстан құрамасында көмекші болған.