Бірнеше сәтсіз ойындардан кейін қостаналық "Тобыл" команданың бұрынғы бапкері Григорий Бабаянмен келіссөз бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің Бабаянмен байланысы өте жақсы. Олар чемпион болған "Тобыл" командасын бірге құрған болатын.
Алда маусымның қиын ойындары бар. Сонымен қатар, "Тобыл" еурокубок ойындарына қатысады. Ал әкімнің ойынша, Бабаян команданы еурокубок ойындарына бастап баратын ең жақсы маман болып тұр.
Еске салайық, Бабаян 2018 жылы "Астананы" қазақстандық командалар арасында бірінші болып Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығарған еді.