"Тобыл", "Астана" және  "Шахтер" кіммен ойнайды? Конференция лигасы жеребесіне тікелей трансляция

Сурет: News Letter

Бүгін, 16-маусымда УЕФА Ньонда (Швейцария) үш қазақстандық клуб - "Тобыл", "Астана" және  "Шахтер" қатысатын Конференция лигасы екінші іріктеу турының жеребісін тартады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеребеге тікелей трансляция Қазақстан астанасының уақытымен 16:00-де басталады. Трансляция УЕФА ұйымының ресми сайтында қолжетімді.

Конференция лигасы екінші іріктеу турының ойындары 22 және 29-шілдеде өтеді.

Айта кетейік, кеше Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу раундының жеребесі тартылып, алматылық "Қайратқа" израйльдік "Маккаби" түсті.