"Тобыл" Алматыда жеңіске жетті

©Тобыл ФК

"Тобыл" мен "Қайрат" арасындағы матчта бес гол соғылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

18 туртың орталық матчында қонақтар 2:3 есебімен жеңіске жетті. Есепті Игорь Сергеев ашты. Ол қақпашының өрескел қателігін пайдаланды. Үзілістен кейін өзбекстандық шабуылшы дубль авторы атанды. Сондай-ақ, "Тобыл" тарапынан Айбар Жақсылықов көзге түсті.

Ал алаң иелерінен Артур Шушеначев пен Гүлжігіт Алықұлов ерекшеленді.

"Тобыл" осы жеңісінің арқасында 32 ұпай еншіледі. Нәтижесінде Милан Милановичтің шәкірттері турнир кестесінде үшінші орнын сақтап қалды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар