"Тобыл" клубы Қостанайда Хорватияның "Хайдук" командасымен қарымта кездесу өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Командалар бірінші таймда есеп аша алмады, ал екінші таймда қонақтар қақпашысы 11 минут ішінде үш гол жіберіп алды.
56-минутта Душан Йованчич көзге түсті. Сосын Игорь Сергеев дубль жасады (61 және 67-минуттар). 70-минутта "Хайдук" 11 метрлік айып добын орындады, бірақ "Тобыл" қақпашысы Александр Мокин Филип Кровиновичтің соққысын қайтара білді. Алайда қосымша уақытта қонақтар командасы бір гол салып кетті - Эмир Сахити көзге түсті.
Бірінші ойында "Хайдук" жауапсыз екі гол соғуының арқасында қарымта кездесудегі бір голмен жалпы есеп 3:3 болып тұрған. Бірақ 118-минутта Асхат Тағыберген "Тобылға" жеңіс сыйлады.