Титул тағдыры. "Астана" мен "Қайрат" матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК
Бүгін, 30 қазан Алматыда ҚПЛ-дің 16-шы тур ойындары өтеді. Кешкі матчте Қазақстанның қазіргі чемпионы "Астана" және осы маусымдағы көшбасшы алматылық "Қайрат" ойнайды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Ал жүлдеге үміткер шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл" арасындағы кездесу 14:00-де басталып кетті.

Ең маңызды "Қайрат" пен "Астана" арасындағы ойын 17:00-де басталады. Алматылықтар 11 ұпай артық жинағанын айта кетейік. Дегенмен "Астанада" әлі бір ойын бар. Бұл командалар арасындағы бірінші матчте алматылықтар басым болып, кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Осы жолы Алексей Шпилевский жаттықтыратын команда жеңсе, чемпиондық титул алматылықтарға өтеді. 

19:00-де қызылордалық "Қайсар" турнир аутсайдері ақтаулық "Каспиймен" кездеседі.

"Ордабасы" - "Тобыл" және "Қайсар" - "Каспий" ойындарын Qazsport арнасының ресми сайтынан онлайн тамашалауға болады, ал "Астана" мен "Қайрат" кездесуін телеарна эфирінен көре аласыз.