Тимо Вернердің "Челсиден" кейін қай клубта ойнатыны белгілі

©chelseablues

Германия құрамасының шабуылшысы Тимо Вернер "Челсиден" Германияның "РБ Лейпциг" сапына қайта оралды, деп жазады rbleipzig.com.

Вернер бұрынғы командасымен 2026 жылға дейін келісімшарт жасасып, 11 нөмірмен ойнайтын болды.

Еске салайық, Вернер "РБ Лейпцигте" 2016-2020 жылдары 159 ойында 95 гол салып клуб рекордын тіркеген еді.

"Оралуыңмен, Тимо! Командаға қайта қосылғаның қандай жақсы болған!", - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport