Тәжістан футбол федерациясы ресейлік маман Андрей Тихоновпен келіссөздер туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
Еске салайық, бұған дейін "Астана" командасының бас бапкері Тәжікстан футбол федерациясына өз қызметін ұсынды деген ақпарат шыққан еді. Бірақ оның талап еткен жалақысы Тәжікстан футбол федерациясы үшін тым жоғары болған. Дереккөздің ақпараты бойынша, Тихонов айына тоғыз мың доллар сұраған. Бірақ ТФФ мұны беруге дайын болмай шыққан.
Бүгін ТФФ Тихоновпен келіссөз болды деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Андрей Тихонов Тәжістан футбол федерациясымен келіссөз жүргізген жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тихонов сұрады деген тоғыз мыңдық жалақы да өтірік ақпарат", - деді ТФФ баспасөз қызметкері.
Федерация өкілі сондай-ақ бас бапкерлік орын бос тұрған кезде көптеген шетелдік маман өзінің портфолиосын жіберетінін де айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Тәжістан құрамасының бас бапкері қызметін өзбекстандық Усмон Тошев атқарған. Оның бастамасымен құрама 2022 жылғы әлем чемпионатының бірінші іріктеу кезеңінде екінші орын алды. Бірақ келесі кезеңге шыға алмады. Дегенмен 2023 жылғы Азия кубогінің финалына өтті. Тошев Тәжікстан құрамасы сапында айына екі мың доллар жалақы алыпты.