Тигран Барсегян жаңа командасына қосылды

©"Астана" ФК

"Астана" командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы жаңа командасымен келісімшарт жасау үшін Братиславаға келді. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлайды. 

Жартылай қорғаушы алдағы уақытта "Слован" командасымен келісімшарт жасайды. 

Айта кетейік, словакиялық команда Барсегянмен жазда шартнама жасасқысы келген еді. Бірақ армениялық жартылай қорғаушы "Астана" сапында қалуды жөн көрді. 

Барсегянның елордалық командамен келісімшарты аяқталып жатыр. Сондықтан ол "Слован" командасына еркін агент ретінде ауысады. 

Еске салайық, "Астана" командасына дейін ол Қазақстанда "Қайсардың" намысын қорғаған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: