Футбол
29 қараша 2022 21:33

Тибо Куртуа Бельгия құрамасына қатысты алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды

©twitter.com/thibautcourtois

Бельгияның қақпашысы Тибо Куртуа Қатарда өнер көрсетіп жатқан құрамаға қатысты сыбыстар туралы пікір білдірді. Оның құрамасы әлем чемпионатының екі турынан кейін үш ұпай жинады. 

"Команда ішінде ешқандай проблемма жоқ. Жеңілген кезде ешқандай құраманың қуанбайтыны анық. Соңғы жеңілістен кейін еңсемізді көтеруіміз керек. Киім ауыстыратын бөлмеде не болды? Айтарлықтай ештеңе. Мен киім ауыстыратын бөлмеге бірінші болып кірдім. Онда 15-20 минут болдым.  Барлық футболшылардың көңіл-күйі болмады. Тек қана бапкер сөйледі. Біздің құрамаға қатысты көп жалған ақпарат шығып жатыр. Бұл менің ашуыма тиеді", - деді Куртуа. 

Айта кетейік, Бельгия құрамасы әлем чемпионаты, топтық кезеңнің үшінші турында Бельгияға қарсы кездесу өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport