Футбол
23 қыркүйек 2021 16:37

Тьерри Анри "Барселонаны" жаттықтыруы мүмкін

©sports.ru

Франция құрамасының экс-шабуылшысы Тьерри Анри "Барселонаны" жаттықтыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап.

Каталондық клубтың бұрынғы ойыншысы осыған дейін 2017 жылы бас бапкердің міндетіне үміткерлердің қатарында болған. Алайда сол жылы команданы Эрнесто Вальверде жаттықтырған еді.

Анридің жұмыс істеген соңғы клубы "Монреаль Импэкт". Француз маманы канадалық клубқа 2019 жылы келіп, 2021 жылдың ақпан айында отбасылық жағдайға байланысты қызметінен кеткен болатын. Сонымен қатар, 2018 жылы "Монако" бас бапкері атанып, кейін ойыншылардың біразымен тіл табыса алмай клубтан кетуіне мәжбүр болды.

Маусымды сәтсіз бастаған испаниялық ұжым ішкі чемпионатта 6 турдың нәтижесі бойынша 8 ұпаймен сегізінші орында келеді. Төмен нәтиже көрсеткені үшін Рональд Куман клубтан қуылуы мүмкін. Осыған байланысты "Барселона" басшылығы командаға жас маманды қарастыруда. 

Еске салайық, Тьерри Анри 2007-10 жылдары "Барселона" сапында 80 матчта 35 гол соққан.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport