Тек Криштиану ғана ... Роналду әлем чемпионатында ерекше жағдайдың авторы атанды

©twitter.com/selecaoportugal

Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Қатардағы әлем чемпионатында ерекше жағдайдың авторы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

22 қараша күні екі жақты бітім бойынша "Манчестер Юнайтед" пен шабуылшы келісімшартты бұзған болатын. Осылайша, әлем чемпионатына қатысып жатқан 32 құрама футболшыларының ішінде тек Криштиану ғана ешқандай клубқа тіркелмеген ойыншы атанды. 

Айта кетейік, Роналдудың ағылшындық командадан кетуіне жуырда берген сұқбаты себеп болған. Онда шабуылшы Эрик тен Хаг пен команданы сынап тастады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport