"Тегін ойнауға дайынмын". "Барселонаға" қайта оралған Дани Алвестің табысы белгілі болды

©Getty images

"Барселонаға" қайта келген Дани Алвес қуанышын жасырмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бразилия құрамасының экс-қорғаушысы бас бапкер Хавидің оң қолы болмақ. Ол алаңдағы ойынынан бөлек, бапкердің көмекшісі қызметін атқарады. Бізге жеткен ақпарат бойынша Алвестің "Барселонадағы" айлығы аптасына 1 еуро болмақ.

"Блаугранаға" келмес бұрын клуб президентімен сөйлестім. Оған командада тегін ойнауға дайын екенімді айттым. Өз кезегінде президент шешімді Хави шығарады деді. Кейін Хавимен хабарласып "Барселонаға" көмектескім келетінімді айттым. Футболшы ретінде толағай табысқа жеткен командама қайта оралғаныма қуаныштымын", - дейді бразилиялық қорғаушы.

Еске салайық, Дани Алвес 2008-2016 жылдары "Барселона" сапында ойнап, Ла Лиганы 6 рет жеңді. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасының Кубогін басына 3 рет көтерді. Енді Алвес қысқы трансферлік маусымда Испания алаңдарында қайта доп тебетін болады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: