Тас-талқан етті. Испания Ұлттар лигасында Германия құрамасына жауапсыз алты гол салды

Сурет: iSport.ua

Испания құрамасы Ұлттар лигасының алтыншы турында Германияны ойсырата ұтты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Севильяда өткен кездесу 6:0 есебімен аяқталды. Гол салғандар: Альваро Мората (17-ші минут), Ферран Торрес (33, 55, 71), Родри (38) және Микель Оярсабаль (89).

Осы жеңіс арқасында Испания командасы 11 ұпай жинап, топтық кезеңді бірінші орында аяқтады. Германия болса екі балл кем жиып, екінші болды. Алты ұпаймен Украина үшінші және Швейцария төртінші (3).