Тартысты ойын. "МЮ" Еуропа лигасынан "Барсаны" шығарып тастады

©Twitter

"Манчестер Юнайтед" Еуропа лигасының 1/8 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz

1/16 финал кезеңіндегі екі матч қорытындысы бойынша англиялық клуб "Барселонаны" жарыстан шығарып тастады. 

Испанияда өткен бірінші матчте есеп 2:2 болған. Енді Манчестердегі қарымтада "МЮ" 2:1 есебімен ұтты.

"Барса" Роберт Левандовскидің арқасында есеп ашқан еді, пенальти 18-минут. Алайда екінші тайм басында Фред есепті теңестірді. Ал 73-минутта Антони жеңіс голын салды.

Еуропа лигасының 1/8 финал жеребесі бүгін, 24 ақпан Ньон қаласында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport