Футбол
Бүгін 11:52
 

Тарихтағы үздік маусым. "Барселона" ғасыр асқан жетістігін қайталады

  Пікірлер

blog.share

Тарихтағы үздік маусым. "Барселона" ғасыр асқан жетістігін қайталады ©x.com/FCBarcelona

Жаңа маусымда жеңіс сериясын үзбей келе жатқан каталондық "Барселона" тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Жаңа маусымда жеңіс сериясын үзбей келе жатқан каталондық "Барселона" тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қатарынан жетінші жеңіс

Кеше Ханси Флик шәкірттері Испания чемпионатының алтыншы турында "Расингті" 7:2 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша, "Барселона" маусым басталғалы бері қатарынан жетінші жеңісіне жетті.

Бұған дейін каталондық клуб Ла Лига аясында "Валенсияны" (5:0), "Райо Вальеканоны" (5:2), "Атлетикті" (2:0), "Эльчені" (5:0) және "Левантені" (4:2) ұтса, Чемпиондар лигасында "Фейеноордтан" (5:1) басым түсті. Осы жеті матчта "Барселона" 33 гол соқты.

Тарихтағы үздік бастау

Осылайша, "Барселона" тарихында алғаш рет маусымды осындай ұзақ жеңісті сериямен бастады.

Бұған дейінгі үздік көрсеткіш алты жеңіс болған. Мұндай нәтиже үш рет - 1929/30, 1960/61 және 2018/19 маусымдарында тіркелген.

111 жылдан кейінгі жетістік

Сонымен қатар "Барселона" соңғы 111 жылда алғаш рет барлық ресми турнирлердегі маусымын қатарынан жеті жеңіспен бастап, осы кездесулерде кемінде 33 гол соқты.

Каталондық клуб мұндай нәтижеге соңғы рет 1915/16 маусымында жеткен. Ол кезде Джек Гринвелл жаттықтырған команда маусымдағы алғашқы жеті матчтың барлығында жеңіске жетіп, 44 гол соққан, деп жазады MisterChip.

Фликтің тұсындағы "Барселонаның" ірі жеңістері

61 жастағы Флик "Барселонаны" 2024 жылдан бері жаттықтырып келеді. Неміс маманының басшылығымен каталондық клуб 124 матчтың қырық екісінде ірі жеңіске жетті.

Фликтің тұсында "Барселона" "Валенсияны" төрт рет (7:1, 5:0, 6:0, 5:0), "Атлетикті" үш рет (3:0, 4:0, 5:0), "Мальорканы" (5:1, 3:0, 3:0) және "Севильяны" (5:1, 4:1, 5:2) үш рет ірі есеппен ұтты. Каталондықтар сондай-ақ "Реалды" (4:0, 5:2), "Жиронаны" (4:1, 4:1) және "Вильярреалды" (5:1, 4:1) екі реттен ойсырата ұтты.

Сонымен қатар "Фейеноорд" (5:1), "Вальядолид" (7:0), "Янг Бойз" (5:0), "Алавес" (3:0), "Бавария" (4:1), "Црвена Звезда" (5:2), "Брест" (3:0), "Барбастро" (4:0), "Бетис" (5:1), "Реал Сосьедад" (4:0), "Боруссия" (4:0), "Олимпиакос" (6:1), "Овьедо" (3:0), "Копенгаген" (4:1), "Левантені" (3:0), "Хетафені" (3:0), "Осасунаны" (3:0), "Атлетиконы" (3:0), "Ньюкаслды" (7:2), "Эспаньолды" (4:1), "Эльчені" (5:0) және "Райо Вальеканоны" (5:2) ірі есеппен жеңді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!