"Манчестр Юнайтедтің" бұрынғы бапкері шотландиялық Алекс Фергюсон FourFourTwo тұжырымы бойынша футбол тарихындағы ең мықты маман деп мойындалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
81 жастағы Фергюсон "МЮ" командасын 1986 жылдан 2013-ке дейін жаттықтырды. Бұл клубпен ол 13 рет АПЛ-де жеңімпаз атанды, 5 рет Англия кубогін, Футбол лигасының кубогін (4), Англия суперкубогін 10 рет иеленді, екі рет Чемпиондар лигасын, Кубок иегерлерінің кубогін, УЕФА суперкубогін, Құрлықаралық кубокті және клубтық әлем чемпионатын ұтқан.
Сонымен қатар, Фергюсон "Абердин", "Сент-Миррен", "Ист Стерлингшир" және Шотландия құрамасын баптаған.
Тарихтағы ең мықты 10 бапкер:
1. Алекс Фергюсон;
2. Ринус Михелс;
3. Йохан Кройф;
4. Билл Шенкли;
5. Хосеп Гвардиола;
6. Арриго Сакки;
7. Мэтт Басби;
8. Эленио Эррера;
9. Эрнст Хаппель;
10. Валерий Лобановский.
100 бапкердің толық тізімімен мына жерден танысуға болады.