Футбол
19 қараша 13:48
 

Тарихтағы ең кішкентай ел ӘЧ финалына жолдама жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Тарихтағы ең кішкентай ел ӘЧ финалына жолдама жеңіп алды ©Видеодан кадр

Ямайкамен тең түскен (0:0) Кюрасао 2026 әлем чемпионатының финалына өткен ең кішкентай ел болып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz сайты ESPN арнасына сілтеме жасап.

blog.share

Ямайкамен тең түскен (0:0) Кюрасао 2026 әлем чемпионатының финалына өткен ең кішкентай ел болып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz сайты ESPN арнасына сілтеме жасап.

Аралдың халқы небәрі 156 мың адам, ал аумағы - 444 км².

Нидерландиялық бапкер Дик Адвокат жаттықтыратын команда жарыстан жеңіліссіз өтті, оның ішінде Бермуд аралдарына қарсы 7:0 есебімен әсерлі жеңіске жетті. Команда B тобында 12 ұпай жинап, бірінші орынға шықты.

Сальвадорды 3:0 есебімен ұтқан Панама екінші мәрте әлем чемпионатына финалына өтіп отыр. Ал Гаити C тобында сенсациялық түрде бірінші болып, фаворит саналған Гондурас пен Коста-Риканы артта қалдырды.

Топта екінші орын алған командалар - Ямайка мен Суринам - наурызда Боливия, Жаңа Каледония, Конго ДР және Иракқа қарсы континентаралық плей-офф матчтерін қалған екі жолдама үшін ойнайды.

2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің жеребесі 5 желтоқсан Вашингтонда тартылады, ал негізгі турнир 11 маусымнан 19 шілдеге дейін АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!