Тарихтағы ең көп атақ иеленген германиялық футболшы белгілі болды

Сурет: Soccernews.ru
"Бавария" шабуылшысы Томас Мюллер тарихта ең көп титул иеленген германиялық футболшы атанды. 

Германия суперкубогы үшін матчте мюнхендік клуб дортмундтық "Боруссияны" 3:2 есебімен ұтты. Осылайша, Мюллер карьерасындағы 27-ші трофейін жеңіп алды. Бұл көрсеткіш бойынша ол жартылай қорғаушы Бастиан Швайнштайгерді басып озып, тарихта ең көп титул иеленген германиялық футболшы болды. 

Мюллер "Бавария" тәлімгері және клуб сапында 2008 жылдан бастап ойнайды. Мюнхендік командамен 31 жастағы футболшы тоғыз рет Германия чемпионы атанды, алты мәрте ел Кубогы мен Суперкубогын иеленді, Чемпиондар лигасы мен УЕФА суперкубогын екі реттен ұтты және бір рет клубтық деңгейдегі әлем чемпионатында жеңіске жетті. Сонымен қатар, ол Германия құрамасымен 2014 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. 
Жаңалықтар