Тарихта алғаш рет. "Манчестер Сити" табыс табу жағынан "қызыл сойқандарды" басып озды

©Reuters

Әлемдегі ең бай клубтардың бірі саналатын "Манчестер Сити" 2021 жылдың нәтижесі бойынша табыс табу жағынан "қызыл сойқандарды" өз тарихында алғаш рет басып озды. Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлап отыр.

Өткен жылы клуб ішкі чемпионатта топ жарғаны үшін және Чемпиондар лигасының финалына дейін жеткені үшін 644 млн еуро қаржы тапқан. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 17% көбірек болып отыр.

Ал өткен маусымда АПЛ-ды екінші орында аяқтаған "Манчестер Юнайтед" 557 млн еуро табысқа кенелген.

2021 жылдың желтоқсан айында жасалған статистикаға көз жүгіртсек, әлем бойынша "қалалықтардың" 74,3 млн жанкүйері болса (10 орын), "Манчестер Юнайтед" командасын 134,1 млн адам қолдайды екен (3 орын). Ал жер шарында "Реал" (Мадрид) клубын қолдаушылар көп екен. Бүгінгі таңда "бланкостың" жер шарында 239,87 млн фанаты бар.    

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: