Тарихи нәтиже! Қазақстандық команда қарсыласын 32:0 есебімен ұтты

19 қыркүйек 2022 16:25
©nstagram.com/fcokzhetpes

Көкшетаулық "Оқжетпестің" әйелдер командасы өз тарихында ең ірі жетістікке қол жеткізді. Қазақстан чемпионатында бұл команда қызылордалық "Қайсар" командасын ірі есеппен ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Тарихи нәтиже 13-турда тіркелді. Алаң қожайындары бұл ойында 32:0 есебімен жеңіске жетті. 17 голды "Оқжетпес" ойынның бірінші таймында соқты. 

Бұл жеңістен кейін көкшетаулық команда турнир кестесінде үшінші орынға жайғасса, "Қайсар" алтыншы орында. 

"Оқжетпес" келесі кездесуін 8 қазан күні "БИІК-Шымкент" командасына қарсы өткізеді. Ал "Қайсар" өз алаңында елордалық "Жас-Сұңқармен" ойнайды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар