Футбол
22 қыркүйек 2022 23:51

Тарих! Қазақстан Беларусь құрамасын жеңді

©Мейірбек Тажкуранов

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясындағы кездесуде Беларусь құрамасын ұтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық футболшылар өз тарихында Беларусьті ешқашан жеңіп көрмеген. Ал "Астана Аренадағы" бүгінгі кездесуде Қазақстан құрамасына тек жеңіс қажет болды.

Матчтың 29-минутында Михаил Габышев Рамазан Оразовтың әдемі пасын голға айналдырды. Бірақ командалар үзіліске кетер сәтте Павел Савицкий стандарт кезінде оқшып шығып, баспен дәл соққы жасады. 

Дегенмен матчтың 79-минутында Бахтиер Зайнутдинов гол соғып, барша қазақстандықты қуантты. Қорытынды есеп - 2:1. 

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының тобында бірінші орын алып, В дивизионына жолдама алды. Одан бөлек, ЕУРО-2024 жолдамасына таласады. Онда Ұлттар лигасы С дивизионындағы әр топта бірінші орын алған төрт команда бір жолдамаға таласады. 

Ал 25 қыркүйекте өтетін Әзірбайжанға қарсы матч Қазақстан үшін маңызды болмай қалды. 

УЕФА Ұлттар лигасы. 5-тур

Қазақстан - Беларусь 2:1 (1:1)

Голдар: Габышев 29, Савицкий 45+3, Зайнутдинов 79

Алаңнан қуылды: Тағыберген 90+4

22 қыркүйек. Астана. "Астана Арена" стадионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport