"Таразға" жаңа шабуылшы келді

сурет: Алашкерт фк

"Тараз" футбол клубы жаңа шабуылшымен толықты. Сербиялық Урош Ненадович бүгіннен бастап жамбылдықтар сапында доп тебуіне мүмкіндік алып отыр.

27 жастағы форвард өз елінде ОФК, "Нови Сад", "Нови Пазар", "Войводина", және "Рад" клубтарында өнер көрсетсе, Армения біріншілігінде "Алашкерт", "Ширак" және "Арарат-Ереван" командаларының намысын қорғаған. "Арарат-Ереван" сапында өткізген соңғы маусымда ол 18 матчта 7 гол соққан.

Әзірге 17 турдың қорытындысы бойынша 20 ұпаймен 9-шы орында тұрған Вардан Минасянның командасына шабуылшы ауадай қажет. Оның үстіне жамбылдықтар ішкі чемпионатта қатарынан 9 матчта жеңіске жете алмай келеді. 

Метки: