"Тараз" қорғаушысы Фейт Фрайдей Обилор карьерасын өзге клубта жалғастырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
29 жастағы нигериялық ойыншы өткен маусымда ҚПЛ-де 24 матчке қатысып, екі гол салды. Оның жақсы ойыны өзге клубтардың назарына ілікті, дегенмен, футболшыға "Шахтер" мен чемпионатқа енді қосылған "Ақсу" ғана ұсыныс жасады.
Ал "Тараздан" Обилор айлықтың үнемі кешігетініне байланысты кетпек.