"Тараздың" көшбасшы футболшысы жарақат алды. Ол алдағы екі кездесуге қатыспайды

©instagram.com/fctaraz.official/

Жамбылдық "Тараз" командасының футболшысы Нұрлан Дайыров жарақатына байланысты ҚПЛ-де екі ойынға қатыспайды. Сондай-ақ, ол Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстан біріншілігінің он турынан кейін "Тараз" командасы 18 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал Қазақстан құрамасы маусым айында Ұлттар лигасында төрт ойын өткізеді. 

"Командамыздың қорғаушысы Нұрлан Дайыров жарақатына байланысты 12 және 13 турға қатыса алмайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан құрамасының кездесулерін де өткізіп алатын болып тұр.

Футболшы емделуде. Нұрланға тез жазылып, қатарға қайта тез қосылуын тілейміз", - деп жазды "Тараз" клубының баспасөз қызметі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport