Футбол
11 қыркүйек 2021 13:20

"Тараздың" көшбасшы футболшысы "Ақтөбеге" қарсы кездесуге қатыспайтын болды

©"Тараз" ФК

"Тараздың" көшбасшы қорғаушысы Фейт Обилар Қазақстан біріншілігінде "Ақтөбеге" қарсы кездесуге қатыспайтын болды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

30 жастағы нигериялық қорғаушы биылғы маусымда төрт сары қағаз алған. Осыған байланысты ол алдағы "Ақтөбеге" қарсы кездесуден шеттетілген. 

Биылғы маусымда Обилор Қазақстан чемпионатында 19 кездесуге қатысып, екі гол соққан. 

Футболдан Қазақстан чемпионатының 20-шы туры 12 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында өтеді. Бұл ойын алдында "Ақтөбе" 23 ұпай жинап, оныншы орында тұрса, "Тараз" командасында да 23 ұпай. Жамбылдық ұжым тоғызыншы сатыда. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport